Нұр-Cұлтан полициясы альфонсты қолға түсірді

08 тамыз, 16:26

Енді құқық қорғаушылар оның құрбандарының барлығын полицияға жүгінуде шақырды.

Елордалық полиция департаментінің ақпараты бойынша, 34 жасар ер адам Алматыда ұсталды. Ол бірнеше әйелге қатысты алаяқтық жасады деп айыпталуда.

Ер адам жалғыз және өте бай ханымдармен танысып, олардың сенімге кіріп, алдау мен қорқыту арқылы үлкен сомада ақша алған.

Әйелдер оған ақша беріп қана қоймай, оның "бизнесіне" қолдау көрсету үшін несие де алып берген.

Қазір елордалық полицейлер альфонстың құрбаны болған адамдардың барлығынан Бейбітшілік көшесі, 19 мекен-жайы бойынша орналасқан Нұр-Сұлтан ПД-не хабарласуды немесе телефон арқылы қоңырау шалуды сұрайды.: 8 (7172) 71 60 22, 71 63 29 немесе 102 нөмірі бойынша.