Алматы полициясы ойын-сауық орталықтарының бірінде болған төбелестің видеосы бойынша тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл туралы ІІМ-нің Telegram-каналы жазды.
«Алматы қалалық Полиция департаменті хабарлағандай, бұл деректі қазір Бостандық аудандық полиция басқармасына қарасты полиция бөлімі тексеріп жатыр. Екі тарап та полицияға арызбен жүгінді. Ойын-сауық орталығы қызметкерінің алған дене жарақатының ауырлығын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Материал ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 73-1 бабы бойынша тіркелді», - делінген ведомство мәліметінде.