Полиция полковнигі Newtimes.kz және "Еуразия" бірінші арнасын қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін мәліметтерді таратқаны үшін жауапкершілікке тартылуын сұрап сотқа арызданды.
Бүгін елордадағы Алматы аудандық сотындағылар ар-намысы мен абыройын, іскерлік беделін қорғау туралы талап арыз бойынша ақпаратты теріске шығару және 1 млн теңге көлемінде (әр редакциядан) моральдық шығынды өтеу туралы талап қойылғаны жөнінде хабарлады.
2018 жылдың 30 қарашасында "Еуразия" телеарнасында мемлекеттік қызметкерлер туралы репортаж көрсетілді. Онда жиналыс кезінде төбелескен дәрігерлер, көшеде азаматты ұрған мас полиция қызметкері, журналистердің мәліметтеріне сәйкес, ішімдік ішіп, ауруханаға жатқызылған және медициналық мекеме дәрігерлерін соққыға жыққан полковник Ерік Батталов туралы айтылады.