14 қаңтар, 16:33
Қаладағы №2 өрт сөндіру бөлімінің ұжымы ДЦП диагнозы бар балаларды өздеріне қонаққа шақырды. Мұнда балақайлар барлық кабинетті аралап, гараждарды көрді, экскурсия жасады.
Балақайлар шұғыл қоңырау қабылдайтын мамандардың кабинетін көрді. Құтқарушылар кішкентай қонақтар үшін шағын көрініс ұйымдастырды: дабыл бойынша өрт сөндірушілер тез арада киініп, 3 өрт сөндіру келді. Мамандар арнайы көліктерге мініп, ойдан шығарылған өртті сөндіріп көрсетті.
Балалардың қуанғандарын көрсеңіз! Олар өрт сөндірушілердің арнайы киімін күн сайын кие бермейді. Ал экскурсияның соңында әрқайсысына өрт сөндірушілердің ойыншық құралдар жиынтығы сыйға берілді.
«Біздің балалар көбінесе үйлерінде отырады, олар мұндай іс-шараларға сирек шақырылады. Сондықтан, өрт сөндірушілердің жұмысын көру туралы естігеннен балалар қатты шаттанды. Мұндайды олар негізінен теледидардан ғана көретін, ал бүгін құралдарды ұстап қана қоймай, өрт сөндіру көлігінде де отырып көрді. Балалардың алған әсері өте керемет!», - дейді ерекше балалардың бірінің анасы.
Жалпы, өрт сөндіру бөлімін БЦП және басқа да дерттері бар 10 балғын аралады.