Кеше, 23 қаңтарда әлеуметтік желілерде мектеп оқушылары арасындағы көпті шошытарлық төбелестің тағы екі видеосы пайда болды. Оның біріншісінде оқушылар мектеп әжетханасында өзге бір оқушыны соққыға алса, екінші видеодан кешкілік уақытта аулада орын алған төбелесті көруге болады. Біз бұл жағдайға қатысты Шымкент қалалық полиция департаменті мен Түркістан облыстық білім басқармасынан ақпарат беруді сұрады. Екі мемлекеттік мекеме де Elitar.kz тілшісіне орын алған оқиғаның қайда түсірілгені анықталып жатқанын жеткізді. Бәлкім бұл Шымкент пен Түркістан облыстарында орын алмауы мүмкін.
Түркістан облыстық білім басқармасының өкілі екі видеодағы жағдай Түркістан облысындағы білім ұяларына қатысы бар болса, бұл бойынша арнайы брифинг берілетінін жеткізді.