13 желтоқсан, 18:00
«Құқықтық тәртіп» шұғыл-алдын алу іс-шарасының алғашқы тәулігінде 700-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді, деп хабарлайды Elitar.kz тілшісі.
Рейд қалада 12-14 желтоқсан күндері өтуде. Басты мақсат – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында көшелер мен қоғамдық орындарда болатын қылмыстың алдын алу, азайту және шұғыл жағдайды жақсарту. Осы бағытта Шымкент қаласы полиция департаментінің бүкіл жеке құрамы күшейтілген тәртіптегі қызметке жұмылдырылған.
Рейд барысында қоғамдық орында спирттік ішімдік ішкен және мас халде жүрген азаматтар, жолдың қарсы бағытына шыққан көлік жүргізушілері ұсталды. 49 адам қауіпсіздік белгісін тағынбағаны үшін және мотошлем кимегені үшін жауапқа тартылды. Құқық бұзушылардың арасында шетелдіктер де бар. 6 адам Қазақстан Республикасы аумағында жүру тәртібін бұзғаны үшін ұсталды. Оқпен атылатын қару алып жүру, есірткі заттарын сақтау және тарату секілді фактілер де анықталды. Бұған қоса операция барысында полицейлер ұстау-реттеу орнына 19 адамды, ал уақытша ұстау және айықтыру орнына 38 адамды жеткізді.
Автор:
Алиса Бойко, Шымкент