ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ақмола облысында Ресейден атыс қаруы мен оқ-дәрілерді жеткізуді ұйымдастыруға қатысы бар этникалық қылмыстық топтың құқыққа қайшы әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Ағымдағы жылдың 27 ақпанында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «А» арнайы мақсаттағы қызметі мен Полиция департаментінің «Арлан» арнайы бөлімшесінің күштері мен құралдарын тарта отырып, операция жүргізу барысында трансұлттық қылмыстық топқа қатысушылар ұсталды.
Көпкезеңді жедел зерттеу барысында ұлттық қауіпсіздік органдары қару контрабандасын ұйымдастырушылардан барлығы 11 «Макаров» пистолетін және оларға 1300-ден аса патрон алды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Ұсталғандар 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.