Алматы қаласы криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Алмалы ауданы полиция басқармасының жедел уәкілдерімен бірге 1986 жылы туылған, бұрын мүліктік қылмыстары үшін үш рет сотты болған В. есімді азаматты ұстады.
"Күдікті бір жерде екі бірдей ұрлық жасағанын мойындады. Осы қылмыстық істер бойынша айғақты заттар табылып, күдіктінің тұрғылықты жері бойынша тәркіленді", - деп хабарлады полиция департаментіндегілер.