Президент 1 қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды

26 тамыз, 11:03

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйекте Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялайды. Бұл туралы Ақорданың ресми Telegram-каналы жазды.

«Мемлекет басшысы 1 қыркүйекте Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды. Жолдаудың негізгі бөлігі еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналады» делінген хабарламада.