Әділет министрі Қанат Мусин Президент сайлауы өтетін күн нақты қашан белгілі болатыны туралы тілшілер сұрағына жауап берді. Бұл туралы ведомство басшысы Мәжіліс кулуарында айтты.
«Президент өкілетінің мерзімі 1,5 жылдан кейін аяқталатындықтан, Мемлекет басшысы өзінің Жолдауда айтқан бастамасы аясында Жарлық шығарады. Соған сәйкес сайлау өтетін күнді белгілейді»,-деп жауап берді министр.