26 желтоқсан, 13:29
Мамандардың айтуынша, екі қылмыстық іс қозғалған.
Атырау облысында балықтың қырылу оқиғасы 2018 жылдың желтоқсан айының басында Орал өзенінің бойында тіркелген болатын.
Бұл факті бойынша Атырау облыстық аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясынан жанынан ведомствоаралық комиссия құрылып, жұмыс істеуде. ҚР ҚК 336-бабы («Балық қорларын қорғау ережесін бұзу») және 328-бабы («Суды ластау, бүлдіру немесе көзін бітеу») бойынша 2 қылмыстық іс қозғалды.
Атырау облыстық экология департаментінің өкілдері Орал өзеніне су ағызатын мекемелерге жоспардан тыс тексеруді бастап кетті.
Алғашқы зертханалық тексерулер суда хлорид қалдықтарының 1,5-2 есе көп екенін көрсетті.
Қатқан балықтардың денелері мұздатқыш камераларда сақталуда және тексеру іс-шаралары аяқталған соң жойылады. Ал балықтың қырылу себебі су мен балықтарды зертханалық тексерудің нәтижесі бойынша биыл желтоқсан айының соңына қарай нақтыланбақ.
Автор:
Татьяна Дроздова