​Жылдамдық тәртібін бұзғанға айыппұл кесіле ме?

25 желтоқсан, 13:16

Instagram желісінің @oficial_550gramm атаумен тіркелген қолданушысы ерекше видео жариялады.

Видео авторлары Бәйдібек би даңғылының бойында «Крис-П» кешені орнатылғанын ескерткісі келсе керек. «Бүгін, 2018 жылдың 25 желтоқсан күні. Бәйдібек би даңғылының бойында «Крис-П» тұр...», - дейді кадр сыртындағы ер кісі. Осы сәтте ер кісінің даусын сырттан естілген тосын дыбыс бөліп жіберіп, кадрда көшеде жалғыз іш киіммен жүрігіп бара жатқан кісі көрінеді.

Видео авторы енді жүгірген азаматқа жылдамдық тәртібін бұзғаны үшін айыппұл кесіле ме деп сұрайды. Постқа әлеуметтік желі қолданушылары қыста жалғыз іш киіммен жүгіргені үшін айыппұл кесілуі мүмкін деп жазуда.