Бүкіл әлемді шарпыған қауіпті вирус 11-16 наурызда Қазақстанға келуі мүмкін. Денсаулық сақтау министрлігінің болжамы осындай, деп мәлімдеді елордада өткен брифингте еліміздің бас санитары Жандарбек Бекшин.
Ол сонымен қатар болжам қате болуы да мүмкін екенін атап өтті.
"Біз жағдайды зерттеп отырмыз. Шеңбердің ішінде қалдық. Тіркелуі әбден мүмкін, бірақ қашан екені белгісіз. Ғалымдар 10-16 наурыз аралығы деп болжағанымен, ол тек тұспал. Болжам орындалмай қалуы да мүмкін. Коронавирус бізде пайда болған жағдайда біз бірден арнайы шараларды қолға аламыз... », - деді ол.