Шымкенттік ер кісі баспана аламын деп танысының құрбаны болды. Жергілікті тұрғын Абай аудандық полиция басқармасына арызданған. Оның айтуынша, бір жылдан бері танитын ер кісі Шымкент қаласынан пәтер алып беремін деп уәде берген. Ол үшін 7 млн теңгесін санап алған.
«Аталған жайт Қылмыстық кодестің 190-бабымен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Күдіктінің жеке басын анықтау мақсатында барлық қажетті шаралар қабылданып, жедел-іздестіру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде күдікті ер азаматты қала аумағынан қолға түсті. Ол Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. Жасы – 53-те. Тергеу амалдары жүргізілуде»,-деді қалалық Полиция департаментіндегілер.