​Қазақстандықтар үшін ең қауіпті 5 дерт қандай?

28 қараша, 12:40

Қазақстандағы өлім-жітімнің 67% инфекциялық емес 5 аурудан келеді. Олардың арасында қан айналу, тыныс алу жүйесінің аурулары, қатерлі ісіктер, жарақаттар мен уланулар және ас қорыту жүйесінің аурулары бар. Бұл туралы Астанада өткен VIII Азаматтық форумда денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой мәлімдеді.

Елімізде дертті ертен бастан анықтау үшін скрининг бағдарламасы жүзеге асырылуда. Биыл скрининг бағдарламасы қайта қаралып, тексеруден өтуге жататын топтар кеңейтілді және мерзімі жиі бекітілген.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, артериалды гипертония, жүректің ишемиялық ауруы мен қант диабеті скринингінен 40-тан 70-ке дейінгі азаматтар, жатыр мойны қатерлі ісігінің скринингінен – 30-70 жастағы әйелдер 4 жылда 1 рет өтеді, сүт безінің қатерлі ісігі скринингінен 40-70 жас аралығындағы әйелдер 2 жылда бір рет өтіп тұрады.