Шымкентте клизмадан күйіп қалған сәби Алматы қаласына жеткізіліп, Ғылыми педиатрия және балалар хирургиясы орталығына жатқызылған.
10 айлық сәби анасының өтініші бойынша Алматыға ауыстырылған.
«Баланың ішкі ағзаларын толық тексеру үшін он күндей уақыт керек болған. Себебі, ішектегі күйіктің орны жазылмайынша оны УДЗ аппаратымен көру қиындық туғызады. Дегенмен, Түркістан облыстық клиникалық балалар ауруханасының дәрігерлері тиісті емдік шараларын жасап, алғашқы көмекті көрсетті. Соған қарамастан анасы ем-домды Алматыда жасаса деген өтінішін білдірді. Осыдан кейін балаға жолдама дайындалып, санитарлық авиациямен Алматыға ауыстырылды. Дәрігерлер ондағы әріптестерімен байланысып отыр. Бала аман-есен сондағы орталыққа жеткізіліп, жатқызылды»,- деді Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Мира Сүлейменова
Естеріңізге
сала кетейік,
Шымкент қалалық жұқпалы аурулар
ауруханасында
медбике
балаға
ыстық сумен клизма жасап, 10 айлық сәби
күйік жарақатын алған болатын. Нәтижесінде
бала шұғыл жансақтау бөліміне жатқызылды,
екі
медбике мен аға медбике уақытша жұмыстан
шеттетілді. Мекеме
басшысы балаға клизма 50-60
градус ыстық сумен жасалғанынын растады.