Шымкентте жазда жоғалған бала Алматыдан аман табылды

21 қараша, 16:30

Бұл туралы INSTAGRAM желісіндегі club_dobryakov_shymkent паблигі ақпарат таратты.

Желіде жария етілген ақпаратқа сенсек, белгсіз әйел азаматы оны Алматыға алып кеткен. Баланы өзгелер танып қоймас үшін оның шашын бояп, көзілдірік тағып қойыпты. Қазіргі таңда жоғалған бала Шымкентке жеткізілген, жағдайы бірқалыпты.

Еске сала кетсек, 12 жастағы жасөспірімнің із-түссіз жоғалып кеткені туралы ақпарат ағымдағы жылдың шілдесінде тарады. Үйінен дүкенге шыққан оны туыстары осы күнге дейін жан ұшыра іздеді.