Қарағанды мемлекеттік университетінің ректоры пара берді деп күдіктелуде

10 қыркүйек, 14:19

​Қарағанды мемлекеттік университетінің ректоры пара беру фактісіне күдікті. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің ректоры қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.​

"Ол ҚР БҒМ "Ғылым қоры" АҚ Басқарма төрағасына ғылыми жобаларды қаржыландыру және жалпы қолдау туралы мәселені оң шешкені үшін 5 мың АҚШ доллары көлемінде пара берді деп күдікке ілінді, - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, "Ғылым қоры" АҚ Басқарма төрағасының пара алу фактісі бойынша да тергеу жалғасуда .
Күдіктілерге қатысты түпкілікті шешім олардың кінәлілік дәрежесін анықтаумен сот шығарады.