Ресейліктер қазақстандық автокөліктерге жалған нөмірлік белгілер жасаған

23 мамыр, 13:31

Полиция қызметкерлері мемлекеттік нөмірлерді қолдан жасау қызметін ұсынатын әлеуметтік желілердегі аккаунттарды анықтады, деп хабарлайды Elitar.kz ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Сондай-ақ абоненттік нөмірлердің иелері анықталды. Ол Ресей Федерациясының азаматы болып шықты. Ол ұялы телефонға тапсырыс алып, оны РФ Омбы қаласына жолдап, жалған автокөлік нөмірлерін жасаған.

Тінту барысында Нұр-Сұлтан қаласындағы ЖШС қоймаларының бірінде автокөліктер нөмірлерінің көшірме нұсқалары табылған.