Ақтөбеде сот қызметкері 1 млн 176 мың теңге жымқырды деген күдікке ілінді

29 қараша, 11:55

Ақтөбе облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі ҚР Жоғарғы Сотының ішкі қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімімен бірлесе отырып, сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен "Ақтөбе облысы бойынша Соттар әкімшісі" РММ-нің қаржы бөлімінің басшысын ұстады.

Ол жалақысын негізсіз арттырып, жалпы сомасы 1 млн 176 мың теңге бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.
Процессуалдық ұстау күдіктінің және оның қорғаушысының кінәсін мойындауға және жеңілдетілген іс жүргізуде сотқа дейінгі тергеуді аяқтау туралы өтініш хатына байланысты қолданылған жоқ.
Күдіктіге қатысты оның кінәсінің дәрежесін анықтаумен түпкілікті шешімді сот шығарады.