Рудный қаласының 10 педагогы жоғары білімі болмаса да бюджеттік мекемелерде жұмыс істеген, деп хабарлайды қалалық прокуратура қызметкерлері.
Қостанай облыстық прокуратурасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, бақылау актісі бойынша қала әкімдігінің құрылыс бөлімінің жетекшісі Е.Тұрмағамбетов қызметінен босатылып, жоғары білім туралы жалған дипломды заңсыз қолданғаны үшін Қылмыстық кодекстің 385-бабының 3-тармағы бойынша жазаға тартылды. Бұдан бөлек 4 мектеп пен 1 колледжегі еңбек, дене шынықтыру, орыс, ағылшын тілдері мен басқа да пәндердің 9 оқытушысы жоғары білімі болмаса да көптеген жылдар бойы оқушылар мен студенттерді оқытып келгені анықталды.