16 наурыз, 08:45
Сауда орындарында санитарлық шаралар жоғары дейгейде жүргізіледі.
Сауда және интеграция министрлігі сауда ойын-сауық орталығы, базарлар мен дүкендер үшін төмендегіні хабарлайды:
1. Санитарлық қауіпсіздік шараларын күшейте отырып, ірі сауда объектілерінің жұмыс істеуіне 10 сағаттан 18 сағатқа дейін шектеу белгілеу;
- сауда объектілерінің аумағында кинотеатрлар, балалар орталықтары, басқа да ойын-сауық алаңдары жабылуы тиіс.;
- азық-түлік дүкендері, азық-түлік супермаркеттері мен азық-түлік базарлары санитарлық және дезинфекциялық шараларды күшейте отырып, әдеттегі режимде жұмыс істеуі тиіс;
- нан, тоқаш және кондитерлік өнімдерді сату тек оралған түрде жүзеге асырылады.
2. Санитарлық және дезинфекциялық іс-шараларды күшейте отырып, азық-түлік емес базарлардың жұмысына сағат 11-ден 17-ге дейін шектеу белгіленсін.
Санитарлық қауіпсіздік шараларын күшейту жөніндегі ұсыныстар туралы қосымша хабарлаймыз.
Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі күннен бастап елімізде төтенше жағдай әрекет ете бастайды.