1 маусымнан 15 шілдеге дейін Адырбеков көшесі бойында көлік қозғалысы шектеледі

30 мамыр, 16:14

Бұл туралы Elitar.kz Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

"Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

Шымкент қаласының көлік инфрақұрылымы қызметін қамтамасыз ету мақсатында Адырбеков көшесін (Алдияров көшесінен Т.Рысқұлов көшесіне дейін) қайта құру жұмыстары жүргізілуде.

Сол себепті 1 маусымынан 15 шілдеге дейін Адырбеков көшесінде Т.Рысқұлов көшесінен Жандосов көшесі аралығында уақытша көлік қозғалысына шектеу қойылатынын хабарлаймыз. Уақытша қолайсыз жағдайға кешірім сұраймыз",-делінген хабарламада.