Жаңа жылдан бастап 1 млн 300 мың қазақстандықтың кірісі өседі

30 қараша, 12:40

​Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен Қазақстанда 2019 жылдың қаңтарынан бастап зейнетақы, жәрдемақы мен жалақы көтеріледі. Осылайша 1 млн 300 мың қазақстандықтың кірісі артады.

Ақордада Мемлекет басшысының төрағалығымен халықты әлеуметтік қорғау жүйесін жаңарту мәселелеріне қатысты жиын өтті. Жиында 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалақысы төмен жұмысшылардың, азаматтың қызметкерлердің еңбекақылары 1,5 есе көбейтілетіні айтылды.

Президент әкімшілік, көмекші және техникалық қызметкерлердің де жалақысы өсетінін атап өтті. Ал жасына байланысты зейнетақыны Мемлекет басшысы 7 пайызға көбейтуді тапсырды.
Бұған қоса келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап асыраушысынан айрылу мен мүгедектікке байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы 5 пайызға көбейтіледі.
ФОТО: akorda.kz