Сұлулық салондарында тек шаштараз қызметіне рұқсат етіледі

01 мамыр, 10:02

Сұлулық салондарында тек шаштараз қызмет көрсетеді. Ал маникюр, педикюр және өзге де косметологиялық қызметтер жұмыс істемейді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі. Мемлекеттік комиссия осындай шешім қабылдаған. Салондардың жұмыс кестесі 4 мамырдан сағат 9.00-ден 18.00 - ге дейін. Клиенттер алдын ала жазылуы шарт. Шаштараздың бір бөлмесінде клиент үш адамнан 3 артық болмауы керек. Талаптар немесе санитарлық нормалар бұзылған жағдайда қызмет көрсетуге тыйым салынады. Басқа процедуралар мен косметологиялық қызметтер үшін рұқсат қашан берілетіні әзірге белгісіз. Барлығы елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады.