Орталық Азиядағы ең ірі мал бордақылау алаңы Түркістан облысында салынады

28 ақпан, 17:17

Кәсіпкерлер 100 000 қойды бордақыламақ. Құны 20 млн долларлық жобаның инвесторы Түркияның «Salurbey Group» компаниясы. Құрылыс 2019 жылдың маусым айында басталады. Бұл туралы «Түркістан» ӘКК» АҚ филиалы «Turkistan Invest» баспасөз қызметі хабарлады.

Кешеннің аумағы 2500 га болмақ. Мұнда жүн, тері өңдейтін, сүт, айран, йогурт пен ет өндіретін 11 цех болады. Сонымен қоса 1500 га жер жем-шөп өндіруге бөлінбек. Инвесторлар үй жануарларының күйін бақылап отыратын зертхана салуды да жоспарлап отыр.
Кешеннің жоспарлы жылдық қуаттылығы – 100 000 бас еділбай, роман және меринос тұқымдас қой. Өнім ТМД елдері мен Түркияға экспортқа жіберілмек. Ал жобаға жергілікті 1200 жұмысшы алынады.