Қазақстанда ең криминалды қалалар тізімі белгілі болды

29 қаңтар, 11:41

Бас прокуратураның құқықтық статистика комитеті жылдың қорытындысын жасады. Комитеттің мәліметі бойынша, 2018 жылы ең криминалды қалалар қатарына Алматы, Ақтөбе, Көкшетау, Қостанай, Талдықорған және Өскемен қалалары еніп отыр.

Ал қылмыс ең төмен тіркелген қала – Атырау.
Қылмыс түрлері бойынша кісі өлтіру ең көп тіркелген қалалар – Петропавл, Қостанай және Ақтөбе, зорлау бойынша – Қостанай және Талдықорған, бұқазылық бойынша – Аөтөбе және Қызылорда. Ал ұрлық – Алматы және Өскеменде, тонау Қостанай мен Ақтөбеде көп тіркелген.