​Саяси реформалар - халық игілігіне

10 қазан, 17:13

ҚР Президентінің Жолдауын жүзеге асыру, саяси реформаларды түсіндіру бойынша Әл-Фараби ауданының тұрғындарымен кездесу ұйымдастырылды.


AMANAT партиясы Шымкент қалалық филиалы Саяси жұмыстар бөлімінің меңгерушісі Ербол Байқонысов аудан тұрғындарына жаңа экономикалық саясат, адам капиталын дамыту, мемлекеттік басқару ісін қайта жаңғырту, саяси реформаларды жан-жақты түсіндіріп берді.

– Мемлекет басшысы өз Жолдауында ел дамуының алдағы басым бағыттарын жүйелі түрде белгілеп берді. Қазіргі таңда жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі бойынша жұмысты жандандыру қажет. Қала және аудандық деңгейде қоғамдық қабылдаулар жүргізілуде. Халықтың талап-тілегін басты назарға алып, тұрғындардың әлеуметтік мәселелелерін шешу міндеті тұр. Қандай мәселе болса да біз тыңдауға дайынбыз, – деді Ербол Рәбілұлы

Ербол Байқонысов ендігі кезекте «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасын ұстанып, Әділетті Қазақстанды құруға өз үлесімізді қосуға шақырды. Аудан тұрғындарының көкейдегі сауалдарына жауап берді.
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы 2022 жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялаған болатын. Өз Жолдауында ол Қазақстандағы алдағы өзгерістер туралы айтты:
•Ең төменгі жалақы 60 000 теңгеден 70 000 теңгеге дейін көтеріледі.
* Әйелдердің зейнеткерлік жасы 2028 жылдан бастап 61 жасқа дейін төмендейді.
* Жаңа Салық кодексі әзірленетін болады, әкімшілендіру процесін цифрландыруға, сондай-ақ салық төлемдерін саралауға ерекше назар аударылатын болады.
* "Сән-салтанат салығы"енгізіледі. Ол қымбат жылжымайтын мүлікті, көлік құралдарын сатып алу кезінде алынады және орта тапқа әсер етпейді".
* Қазақстанда мемлекеттік сатып алу туралы жаңа заң қабылданады.
* Тұжырымдамалық жаңа құжат – қала құрылысы кодексі пайда болады.
* Автокөліктерді кәдеге жарату және бастапқы тіркеу үшін 200-250 мың теңгеден аспайтын мөлшерде бірыңғай алым енгізілетін болады.
* Оқуға жеңілдікті кредиттер берілетін болады.
* Бала күтімі бойынша төлемдер 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,5 жасқа дейін ұлғаяды.
* Фото және салық аударымдарын ұлғайтқан кәсіпкерлерге қаржылық қолдау көрсетіледі.
* Ерікті медициналық сақтандыру жүйесін енгізу ұсынылады.