Қазақстанда бүкіл ел бойынша бақыт деңгейін анықтау үшін арнайы зерттеу жүргізілді. Рейтинг денсаулық, іс-әрекет еркіндігі, сыбайлас жемқорлыққа қатысты, медицинаға, білімге және т. б. қанағаттанушылыққа негізделген.
2019 жылы бақыт индексіне барлығы 156 ел қатысты — ең бақытты ТОП-5-ке Финляндия, Дания, Норвегия, Исландия және Голландия кірді.
Стратегиялық бастамалар орталығының (CSI) деректеріне сәйкес Қазақстан әлемде 60-шы орынды иеленді. Бұл ретте біздің еліміздегі ең бақытты қала Нұр-Сұлтан болды. Екінші орынды Шымкент, үшінші орынды Ақмола облысы иеленді.
Алматы бақыт деңгейі
ең төмен қалалардың бірі болып шыққан; 17-ден 14-ші
орынға ие болды. Ең төменгі бақыт
көрсеткіші - Қарағанды облысында.
Рейтинг
бірнеше көрсеткішке ие болды. Әлеуметтік
игіліктер — яғни білім беру, медицина,
ауыз су және т.б., мемлекеттік қызметтерге
қанағаттанушылық, адамдардың денсаулығы,
қазақстандықтарды жақындарға қолдау
көрсету, әрекет ету еркіндігі, сондай-ақ
басқаларға көмек көрсету үшін қайырымдылық
жасау мүмкіндігі.
Халық сыбайлас
жемқорлықты өте кең тараған деп санайды,
бұл мәселе бойынша көрсеткіш ТОП-30
елдеріне қарағанда үш есе жоғары. Ал
сыбайлас жемқорлық көбінесе Нұр-Сұлтан
мен Алматыда, ең аз — Ақмола облысында
байқалады.
ФОТО:.mail.ru