Семейде ер адамды пойыз қағып кетті

29 сәуір, 12:00

27 сәуірде жедел медициналық жәрдем стансасына 103 пультіне сағат 15.02-де ер адамның пойыз астына түскені туралы қоңырау келіп түскен, деп хабарлайды yunews.kz-ке сілтеме жасай отырып Elitar.kz.

Реанимациялық бригада 3 минуттан кейін оқиға орнында болған. Анықталғандай, 40 жастағы ер адам үйге дейін жолды қысқарпақ болған. Бірақ үлгермеді, ол пойыз астынан өтем дегенше локоматив қозғалып, жүріп кеткен. Салдарынан ер адам аяғынан ауыр жарақат алды.

Жедел жәрдем бригадасының дәрігерлері зардап шеккен адамның өмірін сақтап қалу үшін ота жасауға шұғыл шешім қабылданды.