Оқиға 23 желтоқсан күні Шымкенттегі "Нұрсат" мөлтекауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің пәтерінде орын алды.
Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, ерлі-зайыптының арасында отбасылық-тұрмыстық қатынастар негізінде жанжал туындаған.
Жанжал барысында жұбайы әйеліне пышақ жарақатын салып, кейін ол өзіне-өзі қол жұмсамақ болған. Салдарынан екеуі түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.