Қаза тапқан әскерилердің отбасыларына бес жылдық жалақы төленеді

03 сәуір, 15:19

Қазақстанда МИ-8 тікұшағының апатқа ұшырауы салдарынан қаза тапқандардың отбасыларына бес жылдық ақшалай қаражат төленеді, деп хабарлады Zakon.kz ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Мұхтаровтың сөзіне сілтеме жасап.

Т. Мұхтаровтың айтуынша, бес жылдық ақшалай қаражат әскери қызметші 5 жыл ішінде айына қанша алатын болса, сол ақша бір рет төленеді. Қаржыгерлер тиісті есеп жүргізеді. Бастапқы лауазымдағы офицерлердің жалақысы орташа есеппен 140 мың теңгеден басталады, келісім - шарт жасаушылардың еңбекақысы 60-70 мың теңгеден аз. Сонымен қатар, заңда әскери оқу орындарына түсу кезінде, жетім балаларға әскери қызмет өткеру кезінде жеңілдіктер қарастырылған. Егер отбасында әскери қызметші қайтыс болса, оның бауырлары әскери қызметке шақырылмайды.

"Біз марқұмдардың отбасымен қашан да біргеміз, мүмкіндігінше көмек көрсетеміз", - деді Т. Мұхтаров.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылы 27 наурызда Қызылорда облысында МИ-8 тікұшағы апатқа ұшырады. Оның бортында 13 адам болған. Барлығы да қаза тапты.