Әлеуметтік желіде балабақша тәрбиешісінің баланы басынан және қолынан ұрып жатқан сәтінің видеосы пайда болды. Бұдан бөлек мектепке дейінгі мекеме қызметкері екі бүлдіршін қызды бір-біріне айдап салады.
«Алина бері кел, сенің қандай хақың бар, неге ұрасың біреудің қызын? Мен ұрсам жарасады. Бері кел, не істеді ?.. Сен де итеріп жібер,-дейді тәрбиеші.
«Шардара аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі тарапынан 5 қыркүйекте полицейлерге тиісті жұмыстарды жүргізуге ықпал жасау жөнінде хат жолданды. Бүгінгі таңда алдын ала анықтау-тергеу амалдары жүргізілуде» деп атап өтті басқармадағылар.
«Балабақша тәрбиешісіне қатысты "ешқайда кетпеу туралы қолхат" қолданылды. Қазіргі уақытта полиция бөлімінің тәртіп сақшылары оқиғаның толық мән-жайын анықтауда»,-деді Полиция департаментіндегілер.