"Самара-Шымкент" трассасындағы жол апаты: Алты айлық сәби мен 4 ересек адам зардап шекті

09 желтоқсан, 13:24

Дәрігерлер тексеруінен соң зардап шеккен екі ересек адам үйлеріне жіберілді. Ал сәби ақ халаттылардың бақылауында қалды. Жол-көлік оқиғасы 8 желтоқсан күні сағат шамамен 14:40-те болған, деп хабарлайды "ҚазАвтоЖол" ҰК " АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап Elitar.kz. ​

Жол апаты "Самара-Шымкент" тас жолының 817 шақырымында Ақтөбе облысындағы Хромтау ауданы, Жазық стансасында орын алды.
Алдын ала мәліметтер бойынша, "Opel Vectra" маркалы автокөлігінің жүргізушісі қатар кетіп бара жатқан жүк көліктерін басып оза бастаған. Салдарынан қарсы бағытқа шығып, Украинада тіркелген "Daf" маркалы жүк көлігімен соқтығысқан.
Қаза болғандар жоқ. Хромтау аудандық ауруханасының жедел медициналық жәрдем дәрігерлері зардап шеккен төрт ересек адам мен бір сәбиді ауруханаға жеткізді.

Дәрігерлер тексеруінен кейін екі ересек адам үйлеріне қайтарылды, тағы екеуі ауруханаға жатқызылды. Ал нәресте дәрігерлер қарауында.