Бұл туралы Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Elitar.kz хабарлайды.
Наурызбай ауданында ер азамат шетелдік азаматтарды полиция өкілімін деп алдап, көші-қон саласындағы мәселелерін шешіп беремін деп уәде берген. Нақты айтқанда, ол Қазақстанда тұру рұқсатын алып беремін деп сендірген. 1985 жылғы азамат әрбір қызметі үшін 250 мың теңге алып отырған
"Өзінің клиенттерін сендіру үшін кездесулерге алаяқ арнайы полиция формасын киіп келіп жүрген. Қазір ол ұсталды. Тергеу кезінде оның құқық қорғау органдарына қатысы жоқ екені анықталды. Күдіктінің заңсыз әрекеттерінен бірнеше азамат, оның ішінде шетелдік азаматтар зардап шеккен", - деп мәлімдеді Наурызбай ауданының полиция басқармасының басшысы, майор Зухраб Сырзағали.