​Түркістан облысында мектеп оқушылары адам шошырлық жағдайда білім алуға мәжбүр

25 қаңтар, 09:30

Бұл мектепке экскурсияны біздің сайтқа осы мектеп туралы материал шыққаннан кейін жасамақ болғанбыз. Ал шенеуніктер мектепті бұзып, жаңа ғимарат салғанша балаларды уақытша басқа мектепке оқуға жібереміз деп сендірген еді.

Арада қаншама уақыт өткенімен, ештеңе өзгерген жоқ. Бұл мектеп аудан орталығынан алыс емес, Манкент ауылында. Қазір онда 200-ден астам бала оқып жүр. Балалар білім алатын кабинеттердің сиқы адам айтқысыз, бұл ғимараттың жөндеу көрмегені бірден білінеді: ескі парталар, сөгілген қабырғалар. Ал дәретхана далада.

Мұнда буфет бар, ол мектептің ішінде. Ондағы жағдай санитарлық талаптарға мүлде келмейді. Мектеп қызметкерлерінің айтуынша, таңертеңгі сәт буфеттің жанындағы пешті жағудан басталады. Ал ол сөрелерде мектепте сатуға тыйым салынған тағамдар сатылады. Директор бұл буфет тек мұғалімдер үшін дейді.

Директор мектептің жағдайы туралы пікір айтудан бас тартып, оған көмекке келген ауылдық округтің әкімі жағдай бақылауда деді. Жуық арада 600 орындық жаңа мектептің құрылысы басталмақ.

«Манкент ауылдық округінде 10 мектеп бар. Біз жер тауып, енді тағы бір 600 орындық мектеп салуды жоспарлаймыз. Арнайы комиссия келіп, мектеп апатты жағдайда емес деп таныды, дегенмен, балаларды басқа жаққа ауыстыру керек деді. 2020 жылға қарай мұнда барлық жұмысты аяқтауды жоспарлап отырмыз. Буфетке келер болсақ, онда тексеру болып, барлық олқылықтар қазір түзелуде», - деп түсіндірді Манкент ауылдық округінің әкімі Бахадыр Егембердиев.
Құрылыс қашан басталатыны әзірге белгісіз. Балалардың мектепте немен тамақтанатынын кім бақылайтыны да белгісіз.
Ал мынау осыдан бірнеше ай бұрынғы көрініс: