Үшінші қабаттан секіріп кеткен 18 жастағы жас келін: Оқиғаға қатысты полиция түсінік берді

05 ақпан, 12:40

Ағымдағы жылдың 31 қаңтарында 18 жасар қыз өзіне-өзі қол жұмсауға әрекет жасау жайты бойынша ҚР ҚК-нің 105-бабы «адамды өзін-өзі өлтіруге дейін немесе өзін-өзі өлтіруге баруға дейін жеткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Бұл туралы Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін күдікті полиция бөліміне жеткізілген.

"ҚР ҚПК-нің 201 және ҚР ҚК-нің 147-баптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеу деректері жария етуге жатпайды" делінген хабарламада.

Еске сала кетсе, бұған дейін заңгер Еркін Қахаров өзінің желі парақшасында орын алған қайғылы оқиға туралы жазған болатын.