Оқиға Алтай қаласында орын алған. Екінші сынып оқушылары өздерін үйге жеткізіп саламыз деген бейтаныс кісіден қорқып қалған, деп xабарлайды Elitar.kz.
Белгісіз ер кісі сабақтан шыққан екі қызды үйлеріне жеткізіп саламын деп, көлікке отырғызуға көндірмек болыпты. Оқушылар оған көнбей, айқай салып, қашып кеткен. Оқушы қыздың бірінің анасы осы жағдайға куә болған тұрғындардан көмек сұрайды.
– Менің қызым 2 сыныпта оқиды, сабақтан кейін сыныптасымен бірге мектептен шығып, үйге қайтқан. Олардың айтуынша, жандарына белгісіз кісі жақындап келіп, үйлеріне апаруды ұсынған. Қыздар қашып кетіпті, - дейді оқушылардың бірінің анасы. – Өкінішке қарай, бұл оқиға бейнебақылау камераларға түспей қалған.
Қызы үшін алаңдаған ана бұл жағдайды айтып мектеп басшылығына барыпты. Тіпті жиналыс жасауды өтінген. Бірақ білім ұясындағылар тарапынан қолдау болмаған. Неге екені белгісіз оқушы қыздың анасы құзырлы органға әлі шағым түсірмеген.