Шығыс Қазақстан облысында 10 қазан күні түнгі уақытта қызмет бабында жүрген полиция инспекторы көз жұмды. Оқиға Ұлан ауданындағы «Алматы-Өскемен» тас жолында орын алған.
«Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалды. Болған оқиғаның мән-жайын анықтау үшін барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. 36 жастағы күдікті - марқұмның серіктесі. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиға орнына облыс прокуроры, Полиция департаментінің бастығы, Өзіндік қауіпсіздік департаментінің бастығы, сондай-ақ ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің өкілі барды» делінген облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінде.