ШҚО тұрғыны төртінші рет ата-ана құқығынан айырылған

19 қараша, 11:32

37 жастағы келіншектің ата-ана құқыығынан айырылуына ішімдікке салынуы себеп болған, деп хабарлайды Elitar.kz.

Төрт баланың анасы 2016 жылдан бері наркологиялық диспансерде тіркеуге алынған. Оның барлық балалары жетімдер үйінде тәрбиеленіп жатыр. Үлкен ұлына жуырда қатерлі ісік дерті бойынша ота жасалған, ал кенжесі мерез ауруымен дүниеге келген.

Семейдегі №2 кәмелеттік жасына толмағандар ісі жөніндегі ауданаралық мамандандырылған соттың мәліметі бойынша жыл басынан бері 71 ата-ана құқығынан айырылған екен.

ФОТО: ИА «SM-News