Қала аумағында балық уылдырық шашатын кезеңде ағымдағы жылдың 1 сәуір - 31 мамыр аралығында “Уылдырық-2021” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
«Әрбір адам табиғат байлығын сақтауға міндетті. Біз азаматтарға уылдырық шашу кезінде балық аулауға болмайтын кезеңнің мерзімдерін еске салып, түсіндіру жұмыстарын жүргізудеміз. Балық аулаушыларды заңнама талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз. Тыйым салынған мерзімде балық аулау ережелерін өрескел бұзғаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 383-бабымен қатаң жауапкершіліктің – жеке тұлғаларға 20 айлық есептік көрсеткішке дейін, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 250 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салу қарастырылғаны туралы еске саламыз», - дейді Табиғатты қорғау тобының аға инспекторы полиция майоры Сабаев Ұлықбек.