Еңбекші аудандық полиция бөліміндегілердің анықтауынша, ер адам әлеуметтік желідегі жарнама арқылы елдің сеніміне кірген. Полицияға жәбірленушінің бірі арызданған. Ол арызында “WhatsApp” желісіндегі топқа қосылып, топтың әкімшісі кез-келген ақшаны екі еселеп көбейтіп беруге уәде бергеніне иланғанын айтқан. Өз құрбандарының сеніміне кіру үшін алаяқ жиі-жиі жалпы чатқа дәлелдеме ретінде ұтыс түбіртектерінің фотосуреттерін жіберіп отырыпты. Нәтижесінде күдікті оның 750 000 теңгесін алаяқтық жолмен өз есеп шотына аудартып алған. Содан алаяққа алданғанын кеш түсінген.