Шымкент: аттракционнан адам құлаған жәйт бойынша полиция қылмыстық іс тіркеді

11 сәуір, 18:13

Жасанды құзға өрмелеу кезінде жерге құлаған жігіттің жағдайы әлі де ауыр. Дәрігерлер бас сүйек жарақатын алған науқасқа операция жасалғанын хабарлады. Жайлаукөл саябағында орын алған жәйтті полиция тергеуге кірісті. "Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының қызметкерлерімен ҚР ҚК 306-бабының 1-бөлігімен (тұтынушылар өмiрiнiң немесе денсаулығының қауiпсiздiгi талаптарына сай келмейтiн жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету) қылмыстық іс тіркелді.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде, оның барысында жайттың барлық мән-жайы анықталатын болады", - деді Шымкент қалалық ПД баспасөз қызметінің өкілі.