19 - маусымда Теріскей шағынауданындағы № 14 үйдің ауласында биіктігі шамамен 15 метрдей терек ағашы желдің күшімен құлаған. Алып ағаш авто тұрақта тұрған автокөлікті басып қалды. Абырой болғанда адамдарға зақым келмеді, деп хабарлады төтеншеліктер.
Еске салайық, 2022 жылғы 19 - маусымда Шымкентте желдің екпіні 15-20 м/сек құрайтын дауылды ескерту берілген.