Шымкентте «Қала күніне» орай қазақша күрестен «Шымкент барысы» республикалық турнирінің іріктеу кезеңі өз мәресіне жетті. Белдесуде 90 келіден астам салмақ дәрежесінде 26 балуан күш сынасты. Ел астанасы Нұр-Сұлтан қаласында өтетін "ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫ" республикалық турниріне жолдама жеңіп алған спортшыларымыз анықталды.

Жүлделі 1-орын алған Мұзаппаров Ерсұлтан және де 2-орынға ие болған Темірхан Нұрсат "Қазақстан Барысы" республикалық турниріне жолдама алды, спортшыларымыз қала намысын қорғайтын болады.
Қазақ күресі Федерациясы тарапынан Мұзаппаров Ерсұлтанға автокөлік сыйлыққа берілді. Ал спортшы Темірхан Нұрсатқа қаржылай 350 000 тенге, 3-орын иегері Қожагелді Нұрсұлтанға қаржылай 150 000 тенге сыйлық табысталды.

1 орынды Ерсұлтан Музаппаров, 2 орынды Нұрсат Темірхан иеленді. Балуандар Нұр-сұлтан қаласында өтетін "Қазақстан БАРЫСЫ" республикалық турниріне жолдама алды. Жақын арада олар елордада Шымкент намысын қорғайтын болады.
Қазақкүресі Федерациясынан Ерсұлтан Музаппаровқа сыйлық ретінде автокөлік, Нұрсатүтемірханға 350 000 теңге, Нұрсұлтан Қожағелдке 150 000 теңге ақшалай сыйлық табыс етілді.
Айта кетейік, Елорда күніне орайластырылған "Қазақстан Барысы" қазақ күресінен ХІ республикалық турнир 3 шілдеде "Барыс-Арена"мұз сарайында өтеді. Бұл туралы "ҚазАқпарат" ХАА ұйымдастырушыларға сілтеме жасап хабарлайды.
Жарыс ережесі бойынша сәуір-мамыр айларында ауылдық, аудандық, облыстық (қалалық) деңгейлерде, сондай-ақ әскери күш құрылымдары арасында іріктеу жарыстары өтті, оған бүкіл ел бойынша бес мыңға жуық спортшы қатысты. Оның ішінде 36 балуан финалға жолдама алды. Олардың арасында Мұхит Тұрсынов, Еламан Ерғалиев, Ерасыл Қажыбаев, Ғалымжан Қырықбаев сияқты балуандар бар, олар бұған дейін жеңіс тұғырында болған. 2021 жылғы жеңімпаз Дәурен Нұралинов жарақатына байланысты турнирге қатыспайтынын ресми түрде мәлімдеді. Сондай-ақ, екі дүркін "Қазақстан Барысы" атанған Айбек Нұғымаров спорттық мансабының аяқталғанын ресми түрде жариялады.
Қазақ күресі ережесіне енгізілген өзгерістерге байланысты биыл турнир "бук"ұпайсыз өтеді.
"Қазақстан Барысы" турнирінің жүлде қоры дәстүрлі түрде келесідей бөлінеді: турнир жеңімпазы 25 млн теңге алады, сонымен қатар оған Алтын белбеу және ауыспалы Алтын "Титуяк"беріледі. Екінші орын-5,5 млн теңге, үшінші орын — 1,8 млн теңге, тиісінше жүлдегерлер күміс және қола белбеулермен марапатталады.
Жанкүйерлер турнирді "Qazaqstan", "Qazsport"телеарналарында тікелей эфирде көре алады.