Әлеуметтік желіде мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының темір қоршауынан асып өтіп, ғимаратқа қарай жанталаса жүгірген адамдардың бейне жазбасы тараған еді. Видеода автор жиналған жұрт жүргізуші куәлігін алуға келген деп түсіндіреді.
Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына тек Шымкент тұрғындары ғана емес, Түркістан облысының да азаматтаның жүгінуі жағдайды ушықтырып отыр. Өйткені Түркістан облысында мамандандырылған орталық, автодром бүгінгі таңда жоқ. Осы жағдайларды ескере отырып орталықтың жұмыс кестесі ұзартылды. Және С1 санаты бойынша емтихан қабылдауға қосымша көлік бөлінеді. Сонымен қатар, Шымкент полициясымен бірлесіп GPS-механизмді түзету құрылғысын орнату кезеңінде практикалық емтиханды уақытша комиссиялық өткізу мәселесі пысықталуда.