Дендропарк аумағында өрт туралы хабарлама 19 шілдеде кешке келді. Саябақтың аумағы құрғақ шөптен тазартылмаған.
Шымкент әкімдігінде хабарлағандай, ағаштар зардап шеккен жоқ.
8 гектар өрт қауіпті аумаққа тазалау жұмыстары жүргізілді. Тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды, жасыл желектер аймағы ерекше бақылауда. Сақтық мақсатында екі су тасушы дайындалды.
"150-ге жуық адам, 85 бірлік техника құрғақ жерлерді жинауға тартылды. 12 АВТОКӨЛІКТЕГІ 5 арнайы топ Дендропарк аумағында қауіпсіздікті қамтамасыз етеді", - делінген қалалық әкімдіктің хабарламасында.
Жайлы ортаны дамыту басқармасының мамандары дендропарк аумағындағы өрттен ағаштар зардап шекпегенін атап өтті.
Саябақ аумағындағы жасыл желектердің саны 100 мың данадан асады. Дендропарк аумағында Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген ағаштардың 10 түрі бар: өрік, Іле бөріқарақаты, Кавказ кеншісі, Зеравшан аршасы, недзвеция алма ағашы, Сиверс алма ағаштары, жабайы жүзім. Сондай-ақ сирек кездесетін ағаштардың 96 түрі бар.
Бұған дейін Шымкент Төтенше жағдайлар департаментінің "101" диспетчерлік пунктіне 2022 жылғы 19 шілдеде сағат 18:55-те Әл-Фараби ауданында орналасқан Дендропарк аумағында өрт туралы хабарлама келіп түскені хабарланған болатын. Дендропарк аумағы құрғақ шөптен тазартылмағандықтан, жауапты тұлғалар ҚР ӘҚБтК 410-бабының 2-тармағына сәйкес жазаланады.
Үшінші мегаполис әкімдігінің мәліметінше, саябақтағы жасыл желектердің саны 100,5 мыңнан асады. Оның 10 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген: өрік, Іле бөріқарақаты, Кавказ кеншісі, Зеравшан аршасы, недзвеция алма ағашы, Сиверс алма ағаштары, жабайы жүзім. Сондай-ақ сирек кездесетін ағаштардың 96 түрі бар. Өткен жылдан бері бос тұрған 6 гектарға қосымша 2000 ағаш көшеті отырғызылды.
Дендропаркте қатты ыстыққа байланысты өртке қарсы шаралар күшейтілді. Өрттің туындау қаупімен "Build stroi" ЖШС өз тарапынан көмек көрсетеді. Компания құрғақ шөпті тазартуға қосымша 150 адамды жіберді. 85 бірлік мотокосилок және 12 бірлік машина тартылды. Өрт қауіпсіздігін 5 арнайы топ қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта тазарту жұмыстары 8 гектарда жүргізілді, онда өрттің пайда болу қаупі жоғары болды. Тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылып, жасыл желектер бақылауға алынды. Қауіпсіздік мақсатында 2 су тасушы дайындалды.