Жедел іс-шаралар жүргізу барысында Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Қаратау ауданы Полиция басқармасының учаскелік инспекторларымен бірге күмән тудырған автокөлікті тоқтатқан. Тексеру барысында капотында екі полиэтилен пакетке салынған салмағы 200 грамм кептірілген марихуана табылды.
«Полицейлер автокөлік иесіне қатысты есірткіні заңсыз иемдену, сақтау және тасымалдау жайты бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабымен сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады. Ал есірткі заттарын өткізу жайты ҚР ҚК-нің 297-бабы бойынша тіркелді. Заңнамаға сәйкес есірткі сатқан азаматтың мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», - деді Шымкент қ. ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Бауыржан Карбеков.