Өрт сөндірушілердің айтуынша, олардың еңбек ақысы дәл қазір - 70 мың теңге шамасында.
«Бұл - қаңтардан бері көтерілгені. Мен 13 жыл бұрын жұмысқа кіргелі мардымсыз айлық алып келемін, 37 мың теңге алатынбыз. Былтырлары 50 мың теңге алып жүрдік. Қаңтардан бастап 70 мың теңгеге көтерілді. Сонда да түкке жетпейді. Бізге қазір еңбек дамалысына шығу да мұң болып тұр, - деді өрт сөндіру көлігінің жүргізушісі Жолдас Жалғасов.
Жалақыны көтеруді талап етіп топтасқандардың сөзінше, еңбек ақының аздығынан оннан астам маман жұмыстан шығып кетіпті. Өндірістің зияндығын ескеріп берілетін сүт өнімдеріне көңіліміз толмайды, басқа жағдайлар да мәз емес. Тіпті жұмысқа киетін арнайы киімдеріміз де талапқа сай емес,- деді жиналғандар.
- Мақта матадан тігілуі керек негізі арнайы киімдер. Ал біздің киіп жүргеніміз синтетикадан жасалған. Күн жылыса ыстық болып, киген кезде ауа өткізбейді. Құдды үстіңе целлофан киіп алғандай әсерде жүресің.
- Біздің жалақымыз 100 мың теңгенің үстінде болуы керек. Өрт сөндірушілердің ешбірінің жұмысы оңай деп айтпаймын, әйтсе де мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдай орын ала қалса жағдай тіпті қиын. Естеріңізде болар, қайбір жылы осында өрт шыққанда бүкіл республика аяғынан тік тұрды. Қандай қиын жағдай болды осы жерде. Алғаш болып ауыздықтауға біз бардық. Өз өмірімізді қатерге тігеміз...
-Жалақының аздығынан 138 адамның 30 пайызы жұмыстан кетіп отыр. Нағыз мамандарды жоғалту бізге оңай емес. Өрт сөндірушілерді дайындау қиын мына заманда. Сондықтан жалақы мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Ендігі жағдай тендерге байланысты болып тұр, айлықтың қосылуы. Жасыратыны жоқ, бүгінгі бюджетіміз -237 млн теңге, ал мен 306 млн теңгенің тендеріне қатысып жатырмын. Құдай қаласа өрт сөндірушілердің айлығын кемі 100 мың теңгеге көтергім бар. Алайда біздің құжаттарымызды қарамай жатыр әзірге. Салысырып айтар болсам, өзге өңірлер ең кемі 150 мың теңге төлеп жатып, ал менің қарамағымдағылар небәрі 74 мың теңге алады.