Шымкент: Оныншы қабаттан құлаған әйел адам тіл тартпай кетті.

21 ақпан, 18:26

Қонаев даңғылындағы көпқабатты үйлердің бірінде оқыс жағдай 19-ақпан күні түнгі екіден өте орын алған. Қайтыс болған 23 жастағы әйел адам. Сол маңдағы бейнебақылау камераларында үстінде ақ күртеше, қара шалбары бар қыз баланың жерге құлап түскені жазылып қалыпты. Бойжеткеннің биіктіктен құлауына не себеп болғаны әзірге айтылып жатқан жоқ.

Шымкент қаласының Полиция департаменті Ішкі және сыртқы коммуникациялар басқармасының басшысы Мөлдір Бекееваның дерегінше, аталған жәйт бойынша Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері айналысып жатыр. ҚР Қылмыстық Кодексінің 105-бабы "Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Шымкент қаласының Полиция департаменті Ішкі және сыртқы коммуникациялар басқармасының басшысы Мөлдір Бекеева

Аталған жайт бойынша Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының қызметкерлерімен ҚР Қылмыстық Кодексінің 105-бабы "Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды.